Пәтерде итпен ойнауға арналған идеялар
Үйде болуға мәжбүр болғандықтан, иелері итпен көшеге көп шықпайтын болды. Purina бренді осы қиын уақытта үй жануары иелеріне қолдау көрсетуге шешім қабылдап, үйден шықпай-ақ үй жануарларымен ойнауға болатын қызықты ойындардың тізімін жасады. Біз таңдаған әрекеттер физикалық белсенділікті бұрынғы деңгейде ұстап тұрады, досыңыздың ақыл-ой белсенділігін арттырады.
Үй жануарыңыз қызығатын, шабыт алатын және белсенді болатын үш ойын түрін ұсынамыз.
1. «Олжаға ұмтылу»
Бұл ойынды ойнау арқылы итіңіз өзінің табиғи инстинкттерін пайдаланып, олжаны табуға бағыттайды.
Бөлменің ортасындағы керек емес заттарды алып тастаңыз. Таяқшаны алып, арқанның көмегімен үй жануарыңыздың сүйікті ойыншығын немесе қандай да бір басқа тұзақты байлаңыз. Енді баяу тартыңыз, кейде тоқтаңыз. Мұндай әрекет үй жануарын назар аударуға үйретеді.
Егер ит үнемі жеңіле берсе, ол ойынға деген қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан кейде үй жануарыңызға тұзақты ұстап алуына мүмкіндік беріп, міндетті түрде тәтті бірдеңемен марапаттап қойыңыз.
2. «Тәтті азықты жасыру» немесе «жасырынбақ»
«Тәтті азықты жасыру» - төрт аяқты досыңыздың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға арналған керемет ойын, бұл сіздің итіңіздің барлық дағдыларын іске қосуға мүмкіндік береді. Тәтті азықты үй жануары жете алмайтын, қиын жерге жасырып қойыңыз, сондай-ақ оған дейінгі заттарға қатар азықтың иісін сіңдіріңіз.
Ойын барысында арнайы сөздерді қолданыңыз, мысалы, ит азыққа жақындаған кезде «ыстық» және одан алыстаған кезде «суық» деп айтыңыз. Даусыңыздың ырғағын баяудан бастап жігерліге дейін ауыстырыңыз. Мұндай әрекет кезінде үй жануарыңызға мойынсұну дағдыларын үйретесіз.
Бұл ойынның тағы бір нұсқасы бар, ол «жасырынбақ» деп аталады. Онда ит, өзіңіз де біліп отырғандай, иесін табуы керек. Бұл әрекетте сіз «күту» және «іздеу» сияқты командаларды қолдана аласыз.
Төрт аяқты жануарды күттіріп қойып, өзіңіз жасырыныңыз. Мұны жасағаннан кейін үй жануарларына «іздеу» командасын беріңіз. Ол бұл тапсырманы орындаған кезде оны мақтап, марапаттауды ұмытпаңыз. Егер үй жануары әзірше «күту» командасын білмесе, туыстарыңыздан оны алаңдата тұруды өтініңіз. Жасырынған кезде оларға телефон арқылы қоңырау шалыңыз.
3. «Арқан тарту»
«Арқан тарту» - бұл далада да, үйде де ойнауға болатын керемет ойын. Бұл тек көңілді және қызықты ғана емес, сонымен қатар үй жануарларының жақсы физикалық күйін сақтауға көмектеседі. Итіңіз бұл ойынға деген қызығушылығын жоғалтпауы үшін, кейде оның жеңуіне мүмкіндік беріңіз. Сондай-ақ «лақтыру» деген команда қолдануды ұмытпаңыз.
Үйдегі белсенділік үй жануарлары үшін өте пайдалы, бірақ оны асыра пайдаланбаған өте маңызды: тым ұзақ ойнау иттің агрессияға және шамадан тыс күшенуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан ойынның соңы жақсы аяқталуы керек: үй жануарлары шаршап, қажымай, жігерленіп, көңілді болсын. Бірлескен ойындар үй жануарыңызға белсенділіктің тиісті деңгейін сақтауға, ақыл-ой белсенділігін арттыруға және расында да, бақытты етуге мүмкіндік береді!