Балалауға дайындық
Балалауға дайындық
Буаздықтың соңғы екі аптасында мысық толықтай тыныштықта болуы керек: отбасыңыздың барлық мүшесін өздерін сабырлы ұстауға және тыныш әрекет етуге тырысыңыз, ал болашақ енеге өте мұқият қарау керек. Бұл туралы балалармен сөйлесуді ұмытпаңыз, өйткені жақында марғаулар пайда болады деп қуана күтіп жүрген балалар мысыққа шамадан тыс көңіл бөлуі мүмкін!
Буаздықтың соңғы апталарында оның физикалық белсенділігін азайтып, мысыққа тыныштық беруге тырысыңыз. Оның балалау үшін арнайы дайындалған үйшігінде демалуына құптаңыз және сол үшін мақтап қойыңыз. Алайда үй жануарыңызға сүйіспеншілікпен дайындаған ең жайлы әрі жұмсақ орын оған шкафтың артындағы бұрышқа қарағанда, ыңғайсыздау болуы мүмкін екеніне дайын болыңыз. Мысыққа марғауларын туатын ең ыңғайлы жер таңдауға мүмкіндік беріңіз және таңдаған жерін өзгертуге мәжбүрлемеңіз. Болашақ ана үшін дұрыс жатын орнын қалай жасауға болатындығы туралы мына жерден оқи аласыз.
Қажет нәрсенің бәрін дайындаңыз
Әдетте мысықтар тыныш және бірқалыпты балалайды, бірақ соған карамастан, белгілі бір асқынулар туындаған жағдайда қажет нәрсенің бәрі қолыңызда болғаны жақсы.
Мысық балалағанға дейін кез келген уақытта, тіпті жұмыстан тыс уақытта да ветеринар дәрігердің қолжетімді болатын телефон нөмірін жазып алыңыз. Бұл өте маңызды, өйткені мысықтар көбінесе түнде туа бастайды. Сонымен қатар балалау кезінде үй жануарыңызда қиындықтар немесе асқынулар болса, оны ветеринар дәрігерге апару қажет болуы мүмкін, сондықтан қажетті көлік құралының бар-жоғын алдын ала ойластырыңыз!
Егер мысықтың балалайтын күні жақындап келе жатқанын түсінсеңіз, келесі заттарды алдын ала дайындауға тырысыңыз: жылы су құйылған таза леген, таза сүлгілер немесе шүберектер, тіс жібі және бір рет колданылатын қолғаптар, жылжымалы мысық торы және ветеринар дәрігеріңіздің байланыс нөмірлері. Барлығы жиналып, дайын болсын, қандай жағдай боларын кім біледі?!
Егер марғауларды енесінен алып алуды жоспарласаңыз, олар жататын жер жылы болуы керек екенін естен шығармаңыз. Ол үшін арнайы мықты жылытқыш қолдануды ұсынамыз, ыстық су құйылған пластик бөтелкені қолданбаңыз, марғаулар оны өткір тістерімен және тырнақтарымен оңай тесіп, тіпті, жарып тастай алады.
Буаздық және балалау кезінде сақ болыңыз!
Мысықтардағы балалау кезеңінің жақындауын болжау кейде қиын болуы мүмкін. Балалар алдында мысықтың дауысы қатты шығып, мазасыздануы мүмкін, ол үнемі бір нәрсені. іздегендей үйді аралап жүреді. Егер мысықта балалау кезеңі басталды ма, жоқ па дегенге сенімді болмасаңыз, ветеринар дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз. Буаздықтың соңғы апталарында үй жануарларыңыздың мінезқұлқын мұқият бақылаған өте маңызды, бұл өз балаларын қашан және ең бастысы, қайда туатынын түсінуге мүмкіндік береді. Мысықтар жайшылықта тыныштық пен жалғыздықты жақсы көреді, ал балалау жағдайында олардың оңаша қалғаны дұрыс. Дегенмен балалаудың қалай жүріп жатқанын мұқият қадағалаңыз, кенеттен бірдеңе дұрыс болмай қалса, үй жануарыңызға кез келген уақытта көмектесуге дайын болыңыз. Егер мысығыңыз алғаш рет туса, бұл ұсыныс өте маңызды.
Балалау кезеңдері
Мысықтардың балалау кезеңін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Балалаудың басталғанын түсінгеннен кейін мысықты көзіңізден таса қылмаңыз, үнемі көз алдыңызда болсын. Уайымдамаңыз, әдетте, мысықтарда балалау тыныш және бірқалыпты өтеді, бірақ қандай да бір күтпеген асқынулар болған жағдайда дайын болуға тырысыңыз. Сонымен қатар кез келген араласу (қажет болған жағдайларды қоспағанда) балалау процесін едәуір баяулатуы және балалап жатқан мысықты алаңдатуы мүмкін екенін ұмытпаңыз, сондықтан үнемі тексеріп отырумен шектеліп, табиғи процеске кедергі келтірмеңіз. Еш себепсіз бекер уайымдамаңыз, бірақ қандай да бір алаңдаушылық болса, ветеринар дәрігермен кеңескен дұрыс. Сонымен қатар мысықтың балалауын қойылымға айналдырып жібермеңіз, көрермендер мүмкіндігінше аз болуы керек! Әрине, отбасыңыздың мүшелері жаңа туған марғауларды бірден көргісі келеді, бірақ маған сеніңіз, мысыққа бұл ұнамайды.
- Вы можете даже не заметить наступления первой стадии родов, потому что в это время в организме кошки происходят только внутренние изменения – подготовка матки и шейки матки к родам.
- На данной стадии могут начаться схватки, но, скорее всего, они будут достаточно слабы и незаметны.
- Ваша кошка начнет вести себя неспокойно, будет много ходить из угла в угол и мяукать.
- Вероятно, ваша питомица совершит несколько безуспешных походов к лотку, а затем обоснуется в выбранном ею местечке.
- Не удивляйтесь, если кошка предпочтет другое место приготовленной вами лежанке. Может быть, она не успела привыкнуть к выбранному вами месту или же просто хочет рожать в другом, более укромном. Не переносите ее - будет гораздо лучше, если ваша питомица будет рожать там, где выбрала сама.
- На данной стадии у кошки может начаться отхождение вод.
- Следующая стадия родов — непосредственное рождение котят. Поверьте, это очень волнительно! Данная стадия может продолжаться от 2 до 24 часов. Перепроверьте подготовленные для родов вещи — все необходимое должно быть под рукой!
- Некоторые котята рождаются, подобно детям, вперед головой, в то время как другие – вперед задними лапками. Оба варианта вполне нормальны, так что в любом случае не стоит волноваться.
- Обычно котята появляются с интервалом в 3-45 минут, но иногда проходит и целый час до появления следующего котенка.
- Находитесь и наблюдайте на некотором расстоянии от кошки и вмешивайтесь в процесс родов только в случае крайней необходимости – например, если вы видите сильные потуги вашей питомицы, не сопровождающиеся последующим появлением котенка. Другими симптомами осложнений при родах могут служить кровавые выделения, а также ситуация, при которой котята появляются слишком быстро друг за другом и у кошки нет времени, чтобы хорошенько вылизать их и освободить от амниотической оболочки (т. е. плодного пузыря). Прочтите нашу заметку «Чего стоит опасаться при родах?» – и вы узнаете, в каких случаях необходимо срочно звонить ветеринарному врачу.
- Третья стадия представляет собой выход плаценты, который обычно происходит после появления каждого котенка.
- Считайте все вышедшие плаценты - их должно быть ровно столько же, сколько и котят.
- Если количество плацент меньше, чем котят, то, вероятно, кошка съела недостающую или же два котенка были в одной плаценте. Однако это также может означать и то, что недостающие плаценты не вышли. Поэтому, если у вас есть сомнения, лучше позвоните своему ветеринарному врачу, и он непременно поможет в данной ситуации.
- Не беспокойтесь, если кошка съела плаценту, это вполне нормально. В то же время это еще один дополнительный повод следить за ней внимательно во время родов!
Балалау кезінде үй жануарларына көмектесу
Марғау дүниеге келгеннен кейін енесі оны ұрық қабынан (марғаудың айналасындағы жұқа мембрана) шығаруға көмектеседі және оны ақырын жалайды. Мысықтың балалау процесіне араласудың қажеті жоқ шығар, бірақ үй жануарыңызға көмек қажет болатын жағдайлар бар екенін есте ұстаған жөн.
Егер мысық ұрық қабын ашпаса, оны толығымен ашпаса немесе марғауын жаламаса, онда сізге араласып, жаңа туған марғауларға қамқорлық жасау керек. Сүлгімен ұрық қабын ақырын жыртып, марғаудың дем алуына мүмкіндік беріңіз (ол үшін ешқашан өткір заттарды пайдаланбаңыз!). Марғаудың аузы мен мұрнын абайлап тазалаңыз, содан кейін оны жүнінің өсуіне қарсы таза шүберекпен немесе сүлгімен тезірек сүртіңіз. Ол үшін түкті мата өте қолайлы болмақ. Марғауды жылы шүберекпен сүрту оны құрғатады және жылытады, сонымен қатар оның алғаш рет терең дем алуына әсер етеді.
Марғаулар туылғаннан кейін енесі әдетте, кіндіктерін тістелеп кеседі. Егер ол оны өзі жасамаса, бұл қамқорлықты өз мойныңызға алуға тура келеді. Бір рет қолданылатын қолғапты киіңіз немесе қолыңызды жақсылап жуыңыз, содан кейін марғаудың денесінен екі дюйм қашықтықта кіндікті байлаңыз, денеден шамамен үш дюйм қашықтықта қайта түйіңіз. Енді түйіндер арасындағы кіндікті кесіңіз. Марғауға тым жақын кеспеңіз, бұл өте қауіпті болуы мүмкін. Жіптің ұзын ұштарын мысық жұтып қоюы мүмкін, сондықтан оны кесіп тастаңыз. Егер мысық кіндікті марғауға тым жақын етіп кесейін деп жатқанын байқасаңыз, оны тоқтатып, әрі қарай өзіңіз жасаңыз.
Егер балалаудың осы кезеңіне алаңдасаңыз, күтпеген жағдайда қалай әрекет ету керектігін білу үшін ветеринар дәрігермен алдын ала кеңесуді ұмытпаңыз.
Марғаулар туылғаннан кейін
Осы ұсыныстарды оқығаннан кейін бәрі өте тез өтетін сияқты көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде олай емес, балалау орташа есеппен 2-ден 5 сағатқа дейін созылады. Кейбір жағдайларда 24 сағатқа дейін созылады! Егер мысық балалау кезінде қандай да бір қиындықтарға тап болғанын байқасаңыз, әрі қарайғы әрекеттерді талқылау үшін дереу ветеринар дәрігермен хабарласыңыз. Сондай-ақ мысық бір сағаттан астам уақыт бойы күшенсе, ал марғаулар әлі туылмай жатса, ветеринарға мүмкіндігінше тезірек қоңырау шалу керек.
Әдетте, мысық 4-6 марғау туады, дегенмен олардың саны көп немесе аз болған жағдайлар жиі кездеседі. Барлық марғаулар туылғаннан кейін, енелерінің жақсылап жалауына, тамақтандыруға уақыт беріңіз. Шамадан тыс қамқорлық жасамаңыз, десе де оларға аздап күтім жасаудан қорықпаңыз, бұл марғаулардың сізге үйренуіне көмектеседі және үй жануарыңыздың лайықты түрде демалуына көмектеседі!
Егер туылғаннан кейін бір сағат ішінде марғау енесінің сүтінен дәм татпаса, оған емізікті табуға көмектесуіңіз керек, өйткені марғау аш болуы мүмкін! Егер мысықтың марғаулары емізіген көп болса, алғашында марғаулардың орындарын ауыстыру керек болады, сөйтіп олар бір-біріне жол беруді үйренеді.
Егер мысықтың марғауларына мүлдем мән бермейтінін, оларды жалап немесе тамақтандырмайтынын көрсеңіз, дереу ветеринар дәрігермен кеңесіңіз.
Балалағаннан кейін марғауларды қолмен тамақтандыру қажет болған жағдайлар орын алып жатады, бірақ бұл сирек кездеседі. Егер жаңа туған марғауларды тамақтандыруға қатысты сұрақтарыңыз болса, оларды ветеринардан сұраңыз, сізге қажет көмектің бәрін көрсетеді. Енді мысығыңыз марғауларын туып болғаннанн кейін, осы бір таңғажайып және көптен күткен оқиғадан ләззат алуыңыз керек! Құттықтаймыз!