> Вернуться ко всем вопросам
Ингредиенты
Иттер мен мысықтарға дәнді дақылдары жоқ азықтар беруге бола ма?
Станислав
Ғылыми қауымдастықтармен байланыс жөніндегі бөлім басшысы, Purina®
Ингредиенты
Перейти в раздел >

Иә, үй жануарларына арналған азықтарды дайындаған кезде дәнді дақылдар пайдаланылуы да, пайдаланылмауы да мүмкін. Дәнді дақылсыз азықтарды толық рационды және теңдестірілген ету үшін оларға көмірсулардың балама көздері қосылады. Үй жануарларының қажеттіліктеріне байланысты олардың қожайындары қоректік заттардың әртүрлі қайнар көздері бар азықтарды таңдайды. Сондықтан Purina үй жануарларының қожайындарына өнімдердің мол ассортиментін, соның ішінде дәнді дақылсыз азықтарды ұсынады. Осылайша, қожайындар үй жануарлары үшін ең қолайлы азықтану түрлерін таңдау мүмкіндігіне ие болады.

Дәнді дақылдар мысықтар үшін де, иттер үшін де пайдалы. Жүгері, бидай және арпа сияқты дақылдар үй жануарлары үшін маңызды қоректік заттардың қайнар көзі болып табылады. Олардың құрамында антиоксиданттар, организмге күш-қуат беретін көмірсулар және асқорытудың дұрыс болуына қажетті жасұнық бар. Дәнді дақылдардың пайдасы туралы толық ақпаратты мына жерден білуге болады.

Сондай-ақ қожайындардың үй жануарларына дұрыс тағам таңдау мәселесінде мүмкіндік берудің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан біздің ассортиментте әртүрлі азық түрлері ұсынылған, дәнді дақылдары бар және олар қосылмаған. Кейбір жануарларға белгілі бір ингредиенттер қарсы көрсетілген. Кейбір жағдайларда дәнді дақылдарсыз азықтар дұрыс таңдау болуы мүмкін. Мұндай азықтарға көмірсулардың балама қайнар көздері жатады, олар: маниоки тамырынан дайындалған ұн, бұршақ крахмалы және басқалары. Дәнді дақылсыз азықтар Purina Beyond және Pro Plan Dog сияқты брендтеріміздің бірқатар желісінде бар. Біздің барлық дәнді дақылдарсыз рецептілеріміз толық рационды әрі теңгерімді азықты қамтамасыз етеді, ал олардың компоненттерінің сапасы Purina өнімдерінің жоғары сапа стандарттарына сәйкес келеді.

Кеңінен таралған көзқарасқа қарамастан, дәнді дақылсыз азық көмірсусыз емес. Әдетте, мұндай азықтардағы дәнді дақылдар көмірсулардың балама көздеріне ауыстырылады, өйткені көмірсулар теңдестірілген азықтың қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар дәнді дақылсыз рецептілер жануарлардан алынатын ақуыздың көп мөлшерін қажет етпейтінін білген абзал.