Адамдарға арналған азық-түлік өнімдерінің қаптамаларында тұтынушыларға калория тұтынуды жақсы бақылауға көмектесу мақсатында энергетикалық құндылық (100 г немесе бір үлесімдегі ккал) көрсетіледі. Алайда жануарлар үшін толыққанды және теңдестірілген азықты таңдағанда, бұл көрсеткіш соншалықты маңызды емес. Өндіруші ұсынған үлесім мөлшері жануардың бір тәуліктік энергия қажеттілігінің 100%-ын өтеуі керек, оның организмі барлық негізгі қоректік заттармен қамтамасыз етіледі. РФ заңнамасына сәйкес, қаптамада үй жануарларына арналған азықтың калориялылығын көрсету міндетті емес.
Егер қаптамада көрсетілген бір тәуліктік ұсынылатын азық нормасының негізінде тұтынылатын калория мөлшерін есептегіңіз келсе, өнімдегі калория тығыздығының көрсеткішіне назар аударыңыз (ккал/г). Аналитикалық құраушы бөліктерге негізделген калория тығыздығын есептеуге арналған ресми теңдеулер бар. Мұндай ақпарат Purina шұғыл байланыс желісі операторларында бар және қажет болған жағдайда олар сізбен ақпаратты қуана бөліседі.
Егер ересек мысық немесе ит күніне қанша калория алу керектігін білгіңіз келсе, азықтандыру жөніндегі FEDIAF* нұсқаулығынан (еуропалық ветеринарлық медицина университеттерінің тәуелсіз ветеринар-нутрициологтар комитеті мақұлдаған) жануарлардың дене салмағына негізделген энергия қажеттілігін есептеуге арналған теңдеулерді қолдана аласыз:
Иттер үшін: күн сайынғы энергия қажеттілігі (ккал/күн) = 110 × (дене салмағы, кг) 0,75
Мысықтар үшін: күн сайынғы энергия қажеттілігі (ккал/күн) = 110 × (дене салмағы, кг) 0,67
*FEDIAF – Үй жануарларына арналған азықтарды өндірушілердің Еуропалық Федерациясы.