Біздің азықтардың рецептурасы үй жануарларына ұзақ және бақытты өмір сүруге көмектесетін ғылыми тәсілге негізделген
Біз үй жануарларының денсаулығын жақсарту жөніндегі зерттеулеріміздің нәтижелерімен мақтанамыз және ғылыми жетістіктер үй жануарларыңыздың өмір сүру сапасын қалай жақсарта алатындығын білуге көмектескіміз келеді. Бұл бөлімде біз ғылыми сараптама және Purina Институты туралы әңгімелесеміз. Сонымен қатар біз аралас азықтану, бір тәуліктегі қажетті калория мөлшері туралы сұрақтарға ғылыми көзқарас тұрғысынан жауап береміз, сонымен қатар басқа да маңызды тақырыптар туралы сөйлесеміз.